Өмірдің мәні жүректен жүрекке өтетін адамдық жолында...

Уақыты: 2019-04-30 Көрлімі: 1959 Сипаттама

Қытайтанушы ғалым Нәбижан Мұқаметханұлы 65 жастаАлатаудың басынан күн Алматыға күлімд...

maxresdefault.jpg

Қытайтанушы ғалым Нәбижан Мұқаметханұлы 65 жаста

Алатаудың басынан күн Алматыға күлімдей қарап, сәуірдің  тамылжығын таңына бөлекше нұр беріп тұр. Әп-сәтте, бұлт пайда болып, көктем жаңбырын төге бастады, өлген тіршілікке қайта жан бітіріп, жердің бетін жасыл желекке орауда... Қияметте де дәл осылай қыры күндік жаңбырдан соң адамдар кұймышағындағы кішкене сүйектен өніп шығады дегенді оқығаным есіме түсті.

Вокзал маңы, ығы-жығы адамдар, тырсылдаған тар шалбарының сыртынан бар сүйегі мен болымсыз бұлтиған бұлшық етіне дейін санап алатын жас қыздар мен кеудесі көлкілдеген жасамыс әйелдерге тола, жүзі сынық апалар мен қолында базар қамшы ұстаған аталар құмалақ ашып тілемшілік жасап отыр... Адам тасығыш көлік ышқына ұмтылып, өлермендене тауға қарай өрлеп келеді. Советтен қалған екі сары кемпір мінді,  орын бермесең көздері шатынап, ауыздары тоқтаусыз мылжаңдап, бас теріңді басыңа қаптап, көліктен айдап түсердей. Қөзін жұмып өтірік ұйықтап отыратын, ұяттан кейін туылған жастарды қазірге осыларға жөнге салып тұр. Қолына вокзал алдындағы гүлзардан жұлып алған гүлін қыса ұстап, өзіне құдды біреу гүл сыйлағандай кейіпте паңдана отырған сары апаның жанына келіп қаздиып тұрдым. Ойым... бұлар қала адамдары қазақтар сияқты ауылда тұрмайды, жақын бір жерден түсер, сол кезде орны менікі болар деген үміт, жалғыз басты орыс апалардың отымен кіріп, күлімен шығып жүрген бір жиенім «апа өле қалса, үйін өз атыма аударып аламын, оның бала-шағасы Россияға кетіп қалыпты, бұнда ештемесі жоқ екен»,- деп есек дәмемен жүргені сияқты, апаның әр қимылын, әр аялдама алдында қалт жібермей бақылап тұрмын, ол әнтек қозғалса қуана қаламын, бірақ ол одан сайын жайғасып, нықтала түседі. Қошқардың умашына қарап үміті үзілген қасқырша Төле би көшесіне де жетіп көліктен түсіп жұмысқа келдім.

Есіктен кіре Аманжан ағай, «сені Нәбижан ағай іздеп отыр» деді, аман-сәлемнің орнына. Есігін әдеппен қақтым, аз үнсіздіктен ақырын есігін жамыла қарадым, ағай компьюторға шұқия айналасындағы әлемнен бөлініп қалған, мына дүниеден мүлде тысқары. «Инемен құдық қазу». Кірем бе, кірмейін бе? ойын бөлетін болдым-ау, оған сабағым басталып кетеді, өзі іздеп отыр... есікті ептеп жауып ішке ендім... өзімен-өзі сөйлеп қояды, маған түсініксіз тілде... мен ағайдың тек тәнін көріп отырмын, жаны мүлде басқа жақта... сағатыма қарадым сабағым таяп келеді...

- Ассалаумағайкүм, ағай!

- Әшкиін шешіп, басын көтере, Уағайкумассалам. Жақсы келдің сені іздеп отыр ем. Мына оқып отығаным сенің мақалаң. Маған тақырыбы онша ұнап тұрған жоқ. Енді бастап оқудамын... ХІХ-ғасырдың соңғы жартысында христиан миссонерлерінің Қытайға жасаған ықпалы және Ли Дажау мен Чүй Чюбайдың Россия қазан төңкерісі туралы жазған мақаларының қытай қоғамына, әдебиетіне тигізген әсері туралы айттым. А... бұлай де, онда осы өзің айтқан «ықпал» деген сөзді қосып тақырыпты өзгертсең қайтеді.... мен келістім...

Баяғыда Шинжаң қоғамдық ғылымдар журналын шығрамын, қолымда сары қаламым бар, ақ қағаз бетін тілгілеп, келген мақаланы көп жонып ұш шығарушы едім, көп жонқалар түсетін... кейін сары қалам жоғалды... жігіттердің әңгімесі.

-Нәбижан ағайдың сары қаламы жоғалып кетіпті.

-А. Оны кім алды екен...ә.

-Ай, сол сары қаламның жоғалғаны да дұрыс болған екен, мақаламызды қатты күзеуші еді сонымен. Алатын қалам ақымыздың жартысын сол қу сары қалам қырқушы еді жақсы болған деп қостады екіншісі.

                                                       ***

-Баяғыда бала кезімізде, тіпті жігіт болып атқа мінген шағымыздада, жүзінен нұры тамған, тақуа кісілерді көп көруші едік, қазір де айналамыздың бәрі діндар, тақуа бірақ сол нұрлы жүздерді ізідеймін еш таба алмаймын.

-Нәбижан аға, Пайғамбарымыз жарықттық айтып кеткен, «менің заманым исламның алтын ғасыры деп... Ақыр заман жақындағандағы мұсылмандарды менің сахабаларым көрсе, мыналар мұсылман ба деп таңданады, ал ақыр заман мұсылмандары сахабаларымды көрсе, бұлар жынды ма? деп бірінен-бірі сұрайды» дейді.

-Исламның жартысы тазалық. Қазіргі мұсылмандардың кейбірі жәй гигиеналық сауатты білмейді, рең-басына еш қарамайды-ау шамасы.

-Өте дұрыс айтасыз ағай... Мұсылман айналасына еш зияны тимейтін, іші де сырты әдемі, айналасына тек жақсы әсер қалдыратын жандар.

-Қазір дін саяси ойындардың құралына айналды. Дін саясатқа араласты біті өз құндылығын жоғалтады. Еуропаның хақ төріндегі ең үздік шығыстану институтының мамандары отырып, бір атақты суретшіні шақыртып, өздерінің айтумен іші-сырты да сүйкімсіз бір ер адамның суретін салдыртады. Ойларынан шықты, енді бұған жан салу керек, мультік жасатты, тірі адам жасау керек осындай, сосын оны жер бетіне тарату керек....

Ағайдың әңгімесі қалың ойға мені алып кетті....

                                                       ****

Сунь Ятсе́н атындағы Гуаң Жоу унверситетін бітіре сала Іле облыстық әкімшілігіне жұмысқа тұрдым, Ли фамилиялы бастық бар Тарбағатайдың аудандарын аралдық, жолдағы қара боран мінез көрсетіп, әбден қалтыратты, сақылдап тоңдық. Ол арадан өту үшін амалсыз аузыма алғаш рет ащы судың дәмін таттым.

Барған ауылымыздың халқы өте кедей екен, жерге төселген кілемнің асты ойқы-шойқы, үйдің ішіде өте сүреңсіз, кедейлік көзге ұрып тұр... Жаның ашыйды...

Оған қарамастан ақ сарбас қойды алып ұрып, таудай ет пен көлдей сорпаны кеш бата дайындып, домбыраны сабалап, аңыратып өлең айтты, қу сөзден қуырдақ қуырып, таңды таңға жалғап күлкінің шекпенін кигізіп, өлеңнен ат мінгізді, өте көңілді халық.

Ертесі аттанып ол ардан кетіп бар жатқанымызда жаңағы Ли бастық айтады... бізге қой сойғанша, соны сатып балларына киім алып бермеді ме? Үйлерін жөндеп жағдай жасаса-ғой....дейді...

-Қазақ халқы тау халқы, олар қарны тоқ, киер кимі болса болды, өте көңілді күн кешеді, бес күндік жалған дүние деп өздерін шаттық ішінде ұстауға тырысады... қамығып күн кешсеңде... қуанып күн кешсеңде қамшы сабындай қысқа ғұмыр өтеді деп осылай тірішілік кешеді, сонымен бірге қонақты қатты сыйлайды, барын беріп, жақсы көңлі күй сыйлайды...

-  Ол дұрыс екен, өмір мәні туралы көзқарас ұқсамайды....

 

                                                              ****

Ғылым академиясында істеп жүрген шағымда, өр еліндегі зиялы талантты жастар жоғары оқу орындарын тауысып бізге жұмысқа келіп жатты. Мен солардың ішіндегі жалғыз үйленгені, басқаның бәрі саусылдаған бойдақ... соның біреуі сіздер білетін танымал ғалым Дүкен Мәсімхан.

Бойдақтарды үйлеу көкейімде тұратын... Қыз табыңдар мен құдалыққа барам деймін... бірақ қазақтан табыңдар деп тістеніп қоямын. 

Іштерінде Алтай жақтан келген бір жуас жігіт бар еді, қыз таптым аға дейді, - үйі қайда.

-Үрімжіде Ауыл-шаруашылық институттының  жанында.

-Жақсы.

Жексенбімізді пайдаланып гитараны мойнымызға асып, акордиянды алдыға тағып, аудиді(ол заманның ең қадірлі машинасы еді) мініп құданың алдына барып қызын сұрадық... Қалың мал сұрап аранын ашқан әке-шешесіне жалаң аяқ жігіттің жайын түсіндірдік. Көнбейді...

Амалымыз таусылып түнделіп қызды ұрлап кеттік... Керек жерінде содырлау болмасада болмайды дейді Нәбижан аға ағынан жарылып...

                                                ****

Кафедрамыз күнде ұсақ- керіс пен жаңжалдың ішінде тұншығып жатты....

Халқаралық қатынастардың профессоры Нәбижан ағай бізге қалай келді солай тыныштық орнады. Ұзын бойлы, ақсары жүзді, жалындаған энергиясы бар ағай кафедраға бастық болуға өзін таныстырды. Бастықтық деген мамық орындық, көп ақша, ел құрметі емес, керісінше ел жүгін арқалау, халықттың, ұлттың жоғын жоқтау деп сөзін бастады ағай, бұндайды көрмеген біз «апам таң-таң, мен таң-таң» болдық. Ел үшін, қазақттың ғылымы үшін терімді сылып беруге дайынмын, ендігі бар күш жігерімді кафедра келешегі үшін арнаймын деп алдымызда тұрды....

Ұзақ-ұзақ жиналыс, елдің қатесімен жұмыс, қалың қағыз, таусылмас тапсырма төбесінне төпеп тұрды. Бөлмесінде еш тапжылмай жұмысын жалғастырды. Кафедраның ішін аппақ жиһазбен безендірді, үш бірдей ғалымды қытайдан шақырып сабақ бергізді. Маг және доктарға қытайдың ең бедлді оқу орындарына барып іс-тәжирбие жасауға мүмкіндік жасады. Абай атамыз айтқандай «орыс тілін оның пайдасына ортақ болу үшін, зиянынына қашық болу үшін үйренем»,- дегеніндей біздің кез-келген тіл үйрену құбыланымыз осылай болу керек деп отырды. Әр бір сейсенбілік жиналыстың басында «бұл барлығымыз илейтін терінің пұшпағы»,- деп сөз бастады... Жас оқытушыға адамдықты, адамдық қарым-қатынасты ісімен үйретті, оларға белгілі бір тақырыпты зерттеуге бағыт берді. Әлемдік конференция өткізіп қазақ ғылымын жер бетіне паш етті.

Үш жыл істеп жақсы із қалтырып орнын басқаларға берді.

                                                  ***

Жақсының шапаты, аға меңгеруші кезде мен Қытайға докторлық қорғауға баратын болдым, бұндағы сабағым және басқа шаруаларымды өзі реттеуге көмектесті. Шын батасын беріп, ыстық құшақтап шығарып салды. Қытайда алдын ала қорғау үшін күн-түн жетекшіммен жұмыста болдым, ағайдың почтамдағы сәттілік тілеген сөздері шаршағанымды ұмыттырып, табыспен оралуыма серпін берді, «кафедрамздың аға оқытушысы  Нұрхалықтың докторлық жұмысын сәтті қорғап, елге оралуын  шын жүректен құттықтаймыз»,- деген  үлкен тақтадағы жазуы мөлтілдеген жас тамшыларын ерксіз төктірді... Өмірдің мәні жүректен жүрекке өтетін адамдық жолы екен...

Екі ұлыма сүндет той жасадым, қонақтардың бір парсы өзім араласатын ақын-жазушылар болды, бір екеуі екі-үш тосыттан соң, асығыс екенін айтқан соң, «онда сіздерге бірақ сөз берейін»,- деп ем, «Нәбижан ағайдан қалай бұрын сөйлейміз»,- деп сондай үлкен құрмет көрсетіп, соңына дейін отырды. Жасының қадірін жақыны білмес, жат білер, таулардың биіктігі жанында жүрсе байқалмайды дегендей күнде бірге жұмыста жүріп ағамызды бағалай алмай жүрміз бе деп іште бір жылы сезім ағып өтті.

(Жақсыны жақыннан тану хақындағы атсыз эссемізді оқығаныңызға рақмет).

Абдырақын Нұрхалық

Jebeu.kz

 

 

                                               


Пікір жазу
  • "СҰЛУБАЙДЫҢ ӘНІ" кітабының тұсау кесері өтті
    Қ. Тоқаев: Мамания медресесі қазақ тарихындағы білімге салынған инвестицияның бастау көзі