ТҰМАУ ВИРУСЫ МЕН КОРОНАВИРУС (COVID-19) АРАСЫНДАҒЫ АЙЫРМАШЫЛЫҚТАР

Уақыты: 2020-04-18 Көрлімі: 3217 Сипаттама

Н.Т.Аблайханова, А.Есенбекова, А.М.МухитдиновӘл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университе...


fdef90d28d61157ad89e55443d1188e317dc5e736_824_549_c.jpg

 

COVID-19 тарағалы бері адамдар оны тұмаумен салыструмен болды, бірақ көптеген мамандар екеуі де тыныс жолы жұқпалы ауруы болғанмен оларды салыстыру дұрыс емес екендігін айтуда. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) коронавирус пен тұмаудың ұқсастығы мен айырмашылықтарын сипаттайтын материалдар жариялады, біз оған сүйене отырып, ең болмағанда неден қорқып, неден қорықпауға болатынын түсіне аламыз.

Сонымен, тұмау тез таралады, өйткені тұмаудың инкубациялық кезеңі қысқа. Балалар - тұмау вирусының таралуының ең маңызды факторларының бірі, атап айтқанда балалар ересектерге, әсіресе қарттарға жұқтырады.

Covid-19 жағдайы мүлдем өзгеше, балалар аз аурады, көп жағдайда ересектер балаларға жұқтырады. Сонымен бірге коронавирус тұмауға қарағанда ауыр синдромда және тек тест-жүйелермен ғана анықтауға болатын ауру түрі. Тест-жүйелерінің сапасы әртүрлі,  және бірнеше рет, көп мөлшердегі адамдарға тексерілетіндіктен  — бұл әзірше көп жақтылықты ақпарат, нақтылықты талап етеді.

Ең әлсіз топтар туралы өте маңызды ақпарат     

Әдетте тұмау кезінде балалар, жүкті әйелдер, қарт адамдар және созылмалы аурулары бар адамдар-бұл ең әлсіз топ саналады. Ал коронавируста балалар мен жүкті әйелдердің әлсіз екендігі туралы деректер жоқ. Бұл жерде тұмаудың коронавирустан ең басты айырмашылығы-тұмауға қарсы бізде вакциналар, препараттар бар. Ал коронавирусқа қарсы әлі ештеңе жоқ. Бүгінгі күні  біз коронавирус туралы қанша көп мәліметтер жинақтасақ та, оған қарсы дәлелденген тиімділігі препараттар жоқ.

Екеуіндегі тағы бір негізгі ұқсастық, аурудың ауыр түрлерінің белгілері мен берілу механизмдері өте ұқсас. Бұл адамдармен байланыс және ауа-тамшы жолы секілді жалпыға бірдей берілу механизмы, сондықтан тұмаудан қалай сақтану шарасын жүргізсек, коронавирустан солай сақтануымыз керек.

Коронавирусқа байланысты жағдайды түсіну үшін оның адам дененсін зақымдау жолын біліу керек. Алдымен вирус жасушаға енбестен бұрын ол осы жасушада өзі бекітілетін ақуызды пайдаланады.  Бұл ақуыз, вирустың жасушаға енуіне мүмкіндік береді.

 Коронавирус бекітілетін ACE2 ақуызы бар екендігі белгілі болды, бұл жүрек-қантамыр жүйесінің жұмысымен тығыз байланысты, ол өкпе тінінде көп және бұл ақуыз қан қысымын реттеуге белсенді қатысады. Бұл ақуыздың белсенділігі адамның жасына тығыз байланысты екені анықталды - адамның жасы қаншалықты үлкен болса, вирустың ақуызға жабысып қалу ықтималдығы соғұрлым жоғары болады.

 Сонымен қатар, гипертонияны емдеу үшін қолданылатын препараттар (әсер ету механизмі осы ақуыздың жұмысына әсер етеді) коронавирусты жұқтыру ықтималдығының жоғарлауына әсер етуі мүмкін. Бұл коронавирустың ересектерге, әсіресе қарт адамдарға және гипертонияны емдеу үшін үнемі дәрі қабылдайтын науқастарға не үшін қауіпті болатындығының себебі.

Бүгінгі күнге дейін не екені түсініксіз болып отыр

Қазіргі кезде тағы бір жағдай неліктен кейбір адамдар вирустың жаппай таратушылар екені белгісіз болып отыр - оларды тіпті супертаратушылар  деп атайды, яғни бір адам қоршаған ортаға вирустың үлкен мөлшерін шығарады, ал екіншісі мүлдем таратпайды. Бұның себебін ғалымдар ACE2 мөлшеріндегі генетикалық және нәсілдік айырмашылықтармен байланыстарады, сондықтан кейбір адамдар көбірек ауыруы мүмкін, ал басқалары аз ауруы мүмкін, бірақ бұл мәселел әлі зерттелу үстінде.

Тағы бір мәселе коронавирусты бір рет жұқтырған адамның екінші рет жұқтыру мүмкіндгі, бұл мәселеде толық зерттеліп болған жоқ. Статистика төмендегідей: пациенттердің 80% -ы ауруды оңай жеңеді, мүмкін одан да көп.  15% оттегін қажет етеді, сонымен қатар денсаулығы қалпына келеді, егер біз қандай да бір карантиндік шаралар қолданбасақ, қалыпты салтымызды ұстап жүре беретін болсақ, онда 5% адам нақты госпитализацияны, интенсивті терапияны, өкпені жасанды интубациялауды және емдеуге күрделі шараларды қолдануды қажет етеді.

Кейбір сарапшылар мынандай пікріде егер бір қалада 1 мың адам ауырса, ол қаланың денсаулық сақтау жүйесі күйрейді, бұл жаппай өлімге әкеледі, бірақ парадокс мынада: егер қалада мың адам ауырмаса, бірақ аурған адам саны жүзден асса онда денсаулық сақтау саласы күйреуге бет алады.  Тіпті бір қалада 20 адамны коронавирус жұқтыру өте аладңдататын жағдай болып саналады.

Неліктен карантин енгізілуде?

Карантинді уақыт ұту үшін енгізеді, бір мезгілде мың адам ауырып қалмауы үшін. Осы мың адам бір ай көлемінде ауырса, медицина қызметкерлері көмектесе алуы үшін, ресурстарды бөлуі үшін, сондықтан елде карантиндік шаралар енгізеді. Екінші жағынан карантин белсенді түрде медициналық қызметкерлермен қамтамасыз етеді және ақпараттарды, қажетті құрал-жабдықтар, маскалар мен дәрі-дәрмектердің жиналуына орай береді.

Көптеген пациенттерге ауруды одан әрі ешкімге жұқтырмау үшін керек нәрсе ол үйде отыру.  Себебі үйде отыру, бөлмені желдету, таза салқын ауамен тыныстау, көп  су ішу, тамақ ішуге мәжбүрлемеу, жараларыңызға қарсы дәрі-дәрмектер туралы дәрігермен кеңесу және жоғары температурада ыстық түсіруші препараттарды қолдану 80% адамдар үшін тиімді ем болып табылады. 

Снимок.JPG

Кесте. Ауруларды бақылау және алдын алуға арналған Қытай орталығы

 

Берілген кестеге назар аударсаңыз, ол жерде жасына байланысты өлім жағдайын көруге болады. Қазір әрбір ел, әрбір қала, әрбір ауыл, әрбір әлеуметтік қызмет қарттардың үйде отыруына жағдай жасауды ойлауы тиіс.

ДДСҰ коронавирусқа байланысты мифтерді жоққа шығарады

ДДСҰ жұрт арасында тараған кей ақпараттардың жалған екенін мәлімдеп, сақтанудың дұрысын жолын көрсетті. Сол бойынша келесі апқараттарды ескерген жөн:

- Қолға арналған электр кептіргіштер вирустарды өлтірмейді, сабын мен санитайзерді пайдалану керек;

- Масканы қайта қолдануға болмайды;

- Егер барлық денені спиртпен, хлормен өңдесе, тіпті кварц шамын қолданса да бұл пайда бермейді, тіпті өте зиянды;

- Хаттар мен сәлемдемелерді алу қауіпсіз;

- Үй жануарларынан коронавирус жұқпайды;

- Пияз, сарымсақ, күнжіт майы, антибиотиктер, иммунитетті арттыратын барлық вирусқа қарсы дәрілер, интерферон индукторлары- әсер етпейді;

- Ішімдік көмектеспейді. Мысал келтірер болсақ, Иран алкагольді қолданбайтын мұсылман елі, профилактика ретінде алкагольді қолдана бастаған. Нәтижесінде провинцияның бірінде алкогольмен уланған адамдар саны коронавирустың диагностикалық оқиғаларының санынан 8 есе артық болған. Метил спиртін тұтынудан өлім жағдайлары да тіркелген.

- Темекі шегу көмектеспейді, тіпті жағдайды нашарлатады. Айтпақшы, ерлер жаппай темекі шегетіндіктен және ерлерде жоғарыда аталған белокпен қандай да бір ерекше қарым-қатынас болғандықтан, ерлер әйелдерге  қарағанда жиі ауырады.

Жүкті әйелдердің тақырыбы өте алаңдатады

Жүкті әйелдерге коронавирустық инфекция өте қиындығы жайлы ешқандай деректер жоқ. Коронавирус ұрықты да зақымдайды деген деректер жоқ, сондықтан бұл тақырып әлі де толық зерттелмеген.

Жаңа коронавирус бізбен бірге ұзақ уақыт өмір сүре ме? Немесе оның тағдыры SARS, MERS және т. б. секілді аяқталады ма?

Коронавирус бізбен бірге қалады, ол бізге тұмау сияқты келеді. Бірақ ол әлдеқайда оңай болады. Бұл вирусты инфекциялардың жалпы принципі — егер вирус агрессивті болса, онда оның таралу мүмкіндігі аз. Ауру неғұрлым жеңіл болса, оны  адам белсенді таратады. Сондықтан коронавирус мүмкіндігінше бізбен бірге қалады, бірақ әлдеқайда жеңіл болады және тағы да вакцинациялау арқылы одан қорғануға болады.

Сондай-ақ, вирус жылудың келуімен жоғалады деген болжамдар мен сұрақтар көп.

Қазіргі уақытқа дейін эпидемиологтардың көпшілігі бұған үміттенеді, бірақ тағы да вирус көптеген мәліметтер бойынша ультрафиолетке сезімтал деп есептеледі, сондықтан ол жаздатжоғалады деген өте үлкен үміт бар, бірақ әңгіме  үміт, болжамдар туралы болып отыр, сондықтан жағдай әлі де бірнеше айға созылу қауіпі де бар.

Қандай іс әрекеттерді күнделікті әдетке айналдыру керек?

20 секунд бойы қолды ағынды сумен жуу, құрамында 60% — дан кем емес спирт бар бактерияға қарсы құралдарды қолдану, сондай-ақ ауру адамдардан аулақ болу.

Тағы қандай әдеттерді күнделікті әдеттерге айналдыру қажет?

1. Қорғану үшін метродағы ұстағыштарды, есік тұтқалары, супермаркеттердегі арбаларды қолмен ұстамаңыз - бұл үшін салфеткаларды немесе қолғаптарды пайдаланыңыз. Лифттің батырмасын саусақпен бүгіп, есіктерді иықпен немесе шынтақпен жабыңыз.

2. Ақшаны, банктік немесе басқа карточкаларды пайдаланғаннан кейін қолыңызды жуыңыз немесе дезинфекциялаңыз. Әмиянның бетін тазалаңыз.

3. Ұялы телефонды дезинфекциялаушы майлықтармен сүртіңіз - бұл күнделікті тұрмыстағы ең лас заттардың бірі. Бұл планшеттерге, пернетақтаға және компьютердің тышқанына қатысты. Вирустардан басқа, бетінде стафилококк, сальмонелла, ішек таяқшасы және саңырауқұлақтар өмір сүруі мүмкін.

4. Жарық ажыратқыштарын, есік тұтқаларын, тоңазытқышты, микротолқынды пештерді, теледидардың пультін жиі дезинфекциялаңыз. Бактерияға қарсы құралдармен үстелдерді, орындықтардың арқаларын сүртіңіз.

5. Дәретхананы, ваннаны жиі жуыңыз. Шикі ет, құс және балық дайындағаннан кейін кесу тақтасын, ыдыс-аяқ барлығын жуыңыз. Жуылған ылғалды киімді кір жуғыш машинада 30 минуттан артық қалдырмаңыз —  ол жерде микробтар да көбеюі мүмкін.

6. Бетіңізді қолмен ұстамаңыз — косметологтардың осы кеңесіне құлақ қою керек, ауызды, мұрынды, көзді немесе құлақты инфекция жұқтыру қаупінен азайту үшін.

7. Үй-жайды жақсы желдетіңіз, адамдардың жиналуына жол бермеңіз, ал оның орнына таза ауада көп уақыт өткізіңіз.

8. Күйзеліс пен үрейден аулақ болуға тырысыңыз — күйзеліс пен үрей кезінде иммунитет төмендейді, ал ағза аурулармен және инфекциялармен тиімді күресу қабілетін жоғалтады.

9. Салауатты өмір салтын жүргізіңіз, темекі тартпаңыз. COVID-19-дан өлуге ең жоғары мүмкіндігі бар ол темекі тартатын адамдар екендігі дәлелденген.

 

Барлық мәліметтер интернетресурстарынан алынды

Н.Т.Аблайханова, А.Есенбекова, А.М.Мухитдинов

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Хронобиология орталығы



 


Пікір жазу
  • Карантин кезінде дәрумен жетіспеушілігіне ұшырамаудың амалдары қандай?
    EGOV ЕТЕКТЕН АЛҒАНДА ШЫҒЫС ШЫРҒАҒА ТАРТТЫ