Бүгін, 16 наурыз күні Елбасының Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында Қазақ мемлекеттік қыздар университетінде Таңжарық Жолдыұлының 115 жылдығына арналған «Таным және тағылым» атты доңгелек үстел өтіп, ҚР мәдениет қайраткері, «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, жазушы Тұрлыбек Мәмесейіттің «Таңжарық» романының тұсауы кесіліп, таныстырлымы болды.
Таңжарық Жолдыұлының 115 жылдығының қарсаңында жазушы Тұрлыбек Мәмесейіттің «Таңжарық» романының екі томдығы біріктіріліп, арнайы бір том болып толықтырлып баспадан шығыпты. Кітаптың тұсауын жазушы Әлібек Асқар, Бекен Ыбрайым қатарлы қаламгерлер кесіп, Дәулетбек Байтұрсын, Нұрдәулет Ақыш қатарлы ақын-жазушы, ғалым, әдебиетшілер және ҚазМҚУ-дың ұстаздары мен студенттер келіп қатысты. Дөңгелек үстелді Қыздар Педагогикалық Университетінің ұстазы, Халықаралық "Таңжарық зерттеу" қоғамдық қорының директоры Тұрсынбай Дәуіт ұйымдастырып, жүргізіп отырды. Жазушы Тұрлыбек Мәмесейіт студенттер мен ұстаздардың сұрақтарына жауап беріп, Таңжарық шығармашылығы мен «Таңжарық» романының жазу барыстарын аңгімелеп берді.
Сонымен бірге, Қазақ мемлекеттік қыздар университетінің қазақ филологиясы және қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының студенттері Таңжарықтың «Іле сипаты», «Жаз мысалы» қатарлы өлеңдерінен композиция қойды. Қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, пофессор Сәуле Ержанова бірнеше жылдан бері бұл университетте «Таңжарық оқуларының» өтіп келе жатқанын, бүгінгі шараның да өз деңгейінде жақсы өткенін айта келіп, келген барша қонақтарға алғысын білдірді.
Кітаптың тұсау кесерінен кейін жазушы Тұрлыбек Мәмесейітке кәсіпкер Шәймұрат Шаймарданұлының атынан шапан жауып, жиналыстың соңғы ақ дастарханға ұласты.
Jebeu.kz