«Белгілі Алты Алашқа жазған хатым» жыр мүшәйрасы өтеді

Уақыты: 2018-02-15 Көрлімі: 235 Сипаттама

Биыл – Алаштың айтулы ақыны, ағартушы, ұлт қайраткері Таңжарық Жолдыұлының туғанына 115...

3b56a402e148397d243471b3d0fd2b0a.jpg

БиылАлаштың айтулы ақыны, ағартушы, ұлт қайраткері Таңжарық Жолдыұлының туғанына 115 жыл. "Қызай ана" қоғамдық қоры жыл сайынғы өткізетін Наурыз мерекесінің аясында атаулы мерейтойға орай Халықаралық «Таңжарық зерттеу» қоғамдық қорымен бірге «БЕЛГІЛІ АЛТЫ АЛАШҚА ЖАЗҒАН ХАТЫМ» атты Халықаралық жыр мүшәйрасын өткізеді. Оған еліміз бен шетелдегі жас ақындар қатысып, бақтарын сынай алады.

Мүшәйраның басты мақсатыАлаш қайраткері Таңжарық Жолдыұлының өнегелі өмірі мен қайраткерлік болмысын, отанға, туған жер мен елге деген құрмет сезімін, шынайы махаббатын маржан жырмен жеткізу.

Байқау шарттары:

І Әр қатысушы 3 өлеңнен жолдау керек.

1- Таңжарық Жолдыұлына арналған бір өлең(толғау).

2- Еркін тақырыптағы екі өлең.

ІІ Мүшәраға 40 жасқа дейінгі ақындар қатыса алады.

Жолданған өлеңнің мазмұны мен көркемдік ерекшелігіне баса назар аударылады. Өлеңдер «Әдебиет порталында» жарияланады. Мүшайраға еш жерде жарық көрмеген өлеңдерді 2018 жылдың 15 ақпанынан 15 наурызына дейін, «Әдебиет порталының» электронды поштасына (adebiportal@gmail.com)  автордың  мекенжайын, телефон нөмірін қосып жіберу керек.

Оқырман пікірін ескере отырып, қазылар алқасы жүлдегерлерді анықтап, ақпарат құралдарында жариялайды. Жеңімпаздар 23 Наурыз күні сағат 11-де Алматы облысы, Талғар ауданы, Өстемір ауылында өтетін Наурыз мерекесінде ақшалай марапатталады.

Жүлде қоры 500 мың теңге:

Бас жүлде –  200000 тг, 1-орын  – 150000 тг, 2-орын  – 100000 тг, 3-орын – 50000 тг.

"Қызай ана" қоғамдық қоры

Jebeu.kz


文章评论

    共有条评论来说两句吧...

    用户名:

    验证码:

Рақым Айыпұлы Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының бас хатшысы болды
Елбасы латын қарпіндегі қазақ әліпбиіне өзгеріс енгізді