Медицина мамандарының көпшілігі коронавирустың екінші толқынының жыл соңына қарай соғатынына сеніп отыр. Ендеше, оның ықтималдығы қаншалық дәрежеде болмақ деген сұраққа әлемнің алдыңғы қатарлы медмамандарының тұспалды жауабын іздеп көрейік.
Anthony S Fausi (АҚШ бас вирусологі): Коронавирустың қайта соғары даусыз. Ол әлі таралу үстінде, қазір Сахараның түстігіндегі африкаға жетті. Оның жершарынан жойылып кетуі мүмкін емес. Оның қайыра соғуын қалай қабылдау өзіміздің әрекетімізге байланысты болмақ, оған төтеуіміз өз деңгейінде болса, ештеңе ете қоймас, әйтпесе, алдымызда ауыр күз бен қыс келе жатыр деген сөз. Ол маусымдық індетке айналуы да кәдік, тұмау, өкпе қабынуы, жұғымтал тұмау сияқты әдепкі науқасқа айналуы да мүмкін. Жершары көлемінде тізгінделмесе, маусымдық індетке айналу ықтималдығы аса жоғары. Бұл бізден екпені неғұрлым ерте тапқырлауды, жылдам тестілеу қабылетін арттыруымызды талап етеді. Біз шынымен де індеттің екінші толқынына сақадай сай болуымыз керек.
Michael Osterholm (Minnesota университеті жұғымтал ауыруларды зерттеу мен алдын алу орталығының жетекшісі): Коронавирустың алда қозатын үш кезеңі тұр. Оның ең ауыры осы күзге тура келеді, ол көптеген елдерді қайтадан карантинге жүгіндіруі мүмкін. 60-70% адамды қамтымай бұл вирус тоқтамайды. Вирус өтіп кетеді деу микробиология заңдарына жауап бере алмайды. Алдағы үш кезең туралы айтсақ, оның бірінші кезеңі оның қазіргі беті қайтып қалған жағдайынан кейінгі шекті көлемдегі кішігірім толқулары бейнесінде болуы мүмкін. Екінші кезеңі жаңа аталған күздегі ауқымды толқыны болмақ. Үшінші кезеңі індеттің “ақырындап” таралуы дер едім, яғни ол 18-24 ай бойына “ақырындап” әм біртіндеп тарала береді деген сөз.
Alan Finkel(Австралияның бас ғалымы): Австралиялықтар алдағы қорқынышты қысқа дайын болулары керек. Өйткені, коронавирус қыста қайта таралуы мүмкін. Қазірше, қыс мезгілі мен індеттің таралуының көбеюі арасында анық байланыс барлығы дәлелденбегінімен, зерттеулер вирустың суықта тез таралатындығын көрсетіп отыр. Себебі, төмен температура мен ылғалдылық вирустың тірі қалу мүмкіндігін арттырып, түкірік ұшқындары мен қалқымалы микроталшықтардың сақталуына тиімді болады да, оның таралуына жағдай жасайды. Адамдардың әрекеті вирустың таралу-таралмауының шешуші факторы саналады, сондықтан, аралық сақтаудың әсерінің температураның ықпалын басып түсетіндігін айтқым келеді. Бұл тым мән беруді қажет етерлік мәселе, демек, әлеуметтік саясаттың вирустың сақталуы қабылеті мен уыттылығына қарсы әсері оның мезгіл қуалағаштығына қарағанда әлдеқайда маңызды рөл ойнайды.
Zhong Nanshan(тыныс ауырулар жүйесі маманы, коронавирусқа қарсы мамандандар тобының жоғары дәрежелі өкілі): Вирустың қайталануы мүмкін. Десе де, біз де тәжрибе таптық, алдын алу мен ертерек диагноз қою, алдын ала оқшаулаудың амалдары бар. Меніңше, осы індеттен кейін адамдардың танымы өзгерді, мысалы, жеке гигиеналық талаптарды орындау, әлеуметтік орындарда беттұмша тағу сияқтыларға дағдыланды. Арықарай мөлтекаудандардың өзіндік автоматты алдын алу жүйесін қалыптастырудың маңызы айырықша.
Zhang Wenhong (Фу дан университеті жанындағы емхананың жұқпалы ауырулар бөлімінің жетекшісі): Менің топшылауымша, вирустың келесі толқыны қараша айында болады. Қазір індет оңтүстік америка, африка, оңтүстік-шығыс азияда тарап жатыр. Матеметикалық моделдеудің қазіргі көрсеткіштерінен тұжырымдасақ, биыл жаз одан құтыламыз деу асылық болайын деп тұр, қыстың келуімен тағы да үйде отыруымызға туа келеді-ау. Бірақ, вирустың келесі толқынының біріншісіндей күшті болмайтынына сенемін. Алайда, оңтүстік америка, африка сынды медресурсы әлсіз елдердің жағдайы, шынымен де, ауыр болары анық.
Jin Dongyan (Hong Kongуниверситетінің вирусологі): тарихи қарасақ, коронавирус тоқтаусыз созыла бермеуі керек, оның ақыры немен тынатыны осы вирустың өзінің таралғыштығы, індетке ұласқыштығы сияқты шарттарға байланысты болмақ. Мұнан бұрынғы коронавирустардың мезгілдік сыйпаты болған-ды. Ал, оның мына жаңа түрінің ондай қасиеті әзірге белгісіз. Білетін жағдайлармен қарастырсақ, оның шұғыл асқынған аудандары, мысалы, ҚХР У хан, Кореяның Daegu, Италияның Lombardia өңірлері суық және құрғақ аймақтарға жатады. Енді, Малайзия, Сингапорлар ыстық және ылғал жерлер. Бұларда вирус бірден өршіп кеткен жоқ. Мұнда мәлім заңдылық барма, жоқ, жұғымтал індеттерді зерттегіш ғалымдары арықарай зерттеп, тиісті нәтиже айтулары ләзім.
Қытайдың «реформа-2035» сайтынан ықшамдап аударған
Құрмет Қабылғазыұлы
Jebeu.kz