Қытайдан оқитын жастар кімнің мүддесіне жұмыс жасайды?

admin2 2018-06-13 0 ℃ Қысқаша

Соңғы кезде халық арасында әлеуметтік желілер арқылы Қытай қаупі жиі айтыла бастады. Қ...

F18B79B8-73CD-4624-86A8-78EE082CA54B.jpeg

Соңғы кезде халық арасында әлеуметтік желілер арқылы Қытай қаупі жиі айтыла бастады. Қытай елінің экономикалық әлеуеті артып инвестициясы мен тауарының әлем базарын жаулауы және дүниенің төрт бұрынша таралған қытай диаспораларының санының артуынан тыс, әлемдегі қарым-қатынас орнатқан  елдердің қытайда оқығысы келетін жастарына  гранттар бөле бастады. Оның ішінде біздің еліміз де бар. Соңғы кезде Қазақ елінен Қытайға барып, білім алатын студенттердің саны артып келеді.

Қазақстаннан шетелде білім алып жатқан студенттерді саны 120 мың болса, оның 17600-і Қытайда білім алады екен. Бұл жөніде ҚР жоғары оқу орындары Ассоциациясының президенті Рахман Алшановқа Today.kz журналистеріне сұрағына жауап ретінде айтқан.  

Сөз басында айтылған қытай фобиясына қытайда білім алып жатқан жастар қосылып, ел арасында «ертең осы жастар Қытайдың мүддесіне жұмыс жасап кетпесіне кім кепіл? Осы 17 мың жас қытай күйеу балалр мен қытай келіндерді елге қоса ала келе ме?» деген қауіп күннен күнге етек ала бастауда. Бір жағынан бұл қауіп те орынды. Өйткені біздің кейбір заңдарымыз ертең сол жастарымыз қытай күйеу балалар мен келіндер алып келсе, олардың Қазақ елінің азаматы болуына жол ашып тұр.

Бұл жөніде белгілі Заңгер Ерлан Жұрынбаев фейзбуктегі парақшасында «Əңгіме кешеден бері "қытайларға визасыз кіруге рұқсат беріледі" деген сыбыстан кейін есіме түсіп отыр.

2005 жылы негізгі жұмысыммен қатар қосымша жұмыс жасап жүрген кез болатын. Бір заң компаниясы кейбір үлгере алмаған тапсырыстарын 50/50 пайызбен маған беретін. Бір жолы қазақ əйел күйеуінің атынан берілген сенімхатпен кірпіш зауытының құжатын жасатуға тапсырыс беріпті. Ол кезде қазіргідегідей "ЦОН" деген жоқ. Көптеген құжаттарды жинап, нешеме процедуралардан өтесің. Қойшы, əйтеуір бəрі бітіп, тек иесінің өзі ғана қол қоятын құжатқа күйеуін шақырттық. Сөйтсек, əлгінің күйеуі аты-жөні қазақша болғанымен не қазақша, не орысша білмейтін таза ҚЫТАЙ болып шықты. (Жеке құжатындағы есімі мен тегі жазылатын жерде Б... баев Айбек деп тұр. Ұлты жазылатын жерде ештеңе көрсетілмеген. Туған жері КНР деп көрсетілгенімен, оралман шығар деп, мəн бермегенмін.) Əлгіні көргенде қаншама уақыт айдаладағы қытайдың елімнен табыс табуы үшін жүгіргеніме көзім жетіп, шыны керек, көзім қарауытып, біраз есімді жинай алмай қалдым. Əлгі заң компаниясының бастығының алдына барып, екінші мұндай тапсырманы маған бермеуін айттым. Алайда, бұл жерде компанияның да кінəсі жоқ, барлығын заң шеңберінде істеп отыр. Бұл жағдайда тікелей ЗАҢ кінəлі. 

Сұрақ: Əлгі қытайлық қалайша аты-жөнін өзгертіп, азаматтық алып алған?
Неге оған заң кінəлі?

1. Кез келген шетел азаматы ҚР азаматымен некеге тұрса, 3 жылдан кейін ҚР азаматтығын ала алады. Бұл қытай қазақ əйелімен некеге тұрып, ҚР азаматтығын алып алған.

2. Некеге тұрған ҚР азаматы, некедегі жұбайының тегіне (фамилиясына) өтуге құқығы бар. (күйеуі əйелінің фамилиясына да өте алады) осы заңды пайдаланып, əйелінің фамилиясына өтіп алған.

3 . Кез келген ҚР азаматы өз есімін өзгертуге құқығы бар. Осыны білген "қу қытай" есімін "Айбек" деп өзгерткен. 

4. ҚР-ның кез келген азаматы жеке куəлігінде өз ұлтын көрсетпеуге де құқығы бар.

Ұлтының қытай екені кедергі болмау үшін осы заңды да қажетіне қарай пайдаланған. Сөйтіп, "Б...баев Айбек" болып шыға келген қытайды аузын ашып, сөйлемейінше ешкім түріне қарап, қытай екенін ажырата алмайды. Тура осындай жолмен азаматтық алып алған Африкадан келген адамды да білемін. Африкалық немесе басқасын қойшы, олар бірен-саран ғана, ал, "қара қытай" қаптаса жағдайымыз қиын болады.

Меніңше, шетелдік басқа ұлттар қаптап кетпеу үшін заңды күшейту керек.
Этникалық қазақтарды ғана жеңілдетілген тəртіппен азаматтық беруді қалдыру керек.

"ҚР аумағында кемінде 5 жыл тұрақты тұрған азаматтарға" дегенді жəне "ҚР азаматтарымен кемінде 3 жыл некеде тұрған адамдарға азаматтық беріледі " дегенді алып тастау керек», - деп басынан өткен мысалын келтіріпті. Бұл мысал тек қытайдан білім алушыларға ғана арналмаған. Өзге ұлттармен тұрмыс құрып жатқандар, сол елдерде білім алушылар ғана емес. Сондықтан бұл жөнінде әр қазақ та, заң шығарушы органдардың да ойланғаны абзал. Бұл тек қазақ қыздарына ғана қатысты мәселе емес. Әр қазақ жігіті бәсекеге қабылетті болып, қазақ қызының өзгенің етегінен ұстамауына жаупты болуы да керек. Бұл жөнінде әр ата-ана ұл қыздарына ұлттық тәрбие мен жауапкершілікті күшейту де керек сияқты. Ал заң шығарушы органдар мен атқарушы органдар өз талаптарын күшейту керектігі бәрімізге түсінікті.

Сонымен бірге, бұл күндері Қытай елі Қазақстанмен экономикалық жақтан стратегиялық байланыста болғандықтан көптеген қандастар олармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасауда. Соған қарап ел арасында қытаймен жұмыс жасап жүргендер мен қытайда оқып жатқан қазақ жастары қытай мүддесіне жұмыс жасаушылар деген ұғымды қалыптастырғысы келетіндер көбейуде.

Екі ел арасындағы әріптестік, екі елдің басшыларының келісімдерімен халықаралық жобалар негізінде жүзеге асып жатқандықтан қытайлармен жұмыс жасаудан қашқанымызбен құтыла алмаспыз. Қашсақ барымызды олардың қолына өзіміз өткіземіз. Сондықтан олармен жұмыс жасауда қытайдың тілі мен ділін білетін өз мамандарымыз болуы керек. Олай болмаған жағдайда олар біздің орнымызға өз мамандары әкелері хақ. Тіпті бізге Қытай елі қаншалықты қауыпты болса, біз олардың тілі мен ділін, мәдениеті мен ұлттық болмысын одан ары зерделеп, анақұрлым тани түскеніміз жөн. Сол себепті де қытай елінде жастарымыздың білім алуынан қашуымыз орынсыз болар еді дер едім, ол жақтан білім алар жасты оған дейін ұлттық рухпен сусындай алсақ.

Бұл жөнінде Халықаралық қазақ-қытай тіл колледжінің директоры,  "Ы.Алтынсарин " төсбелгісі, "білім көшбасшысы" төсбелгісі және "білім саласының мақтанышы" орденінң иегері, профессор Талғат Мамырұлы «Қазақстан мен Қытай халық республикасы бүгінгі таңда жан-жақтылы стратегиялық әріптес. Жан-жақтылы стратегиялық әріптестікке көтерілгеннен кейін әр салада қоян қолтық әріптестік болатыны шындық. Ынтымақтастық болатындықтан біздің Қазақстан азаматтары да ең алдыменен өзімен әріптес болған елдермен ең кемінде өзінің араластатын саласымен олармен тепе-тең сөйлесе алу керек. Ол дегеніңіз оларды жақсы білу керек деген сөз. Сол елдің сол саласын жақсылап зерттей алатын, білетін маман болуы керек деген сөз. Сол салада осындай маман бір екеуі жетіспейді, оның өзінде саннан сапа туады. Сол салада білікті мамандар болғада біз олардан ұтылмаймыз, біздің елдің мүддесі ұтылмайды. Осындай тұрғыдан қарауымыз керек. Осы мамандарды дайындау үшін әрине әріптес елмен жұмыс жасау керек қой, ол мамандардың бәрін әріптес ел келіп дайындап беру керек пе? Америкаға қатысты жұмысты Американың, Қытайға қатысты жұмысты Қытайдың маманы келіп жасап беруі керек пе? Ол қаншалықты ұзақ болашаққа барады? Сондықтан осы салалалр бойынша отандық мамандар болуы керек. Біздің еліміздің стратегиясы да сол. Бұл саладағы әріптестік елдің даму стратегиясымен, Елбасының саясатымен дұрыс бағытта жүріп келе жатыр. Әрине бұл жетілдіріледі, толықтырылады. Жүре-жүре өз жемісін береді.» деген пікірін білдірсе, «Жебеу» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Төрағасы Омарәлі Әділбекұлы жақын жылдары Қытайдың жоғары оқу орындарынан «Қазақстан зерттеу»  орталықтары ашылып, иниституттарда  жылына неше мыңдаған қытайлық студенттер қазақ тілін үйреніп жатқанын, ертең қытайдың тілін еркін біліп, олармен жұмыс жасайтын өз мамандарымыз болмаса, олардың орна қытай үкіметі мен қытай кәсіп орындары өздерінің сол студенттерін әкелетіндігі айтады. Ал енді олардың өз мамандарымызбен айырмашылығы қалай болары айтпасақта белгілі.

Jebeu.kz порталында Елдос Орданың  Қытаймен арадағы сауда-бизнес қазақтың қолына өтуі тиісатты мақаласын жарияладық. Онда ЕлдосТаяу бір екі жылдан бері Шыңжаңдағы саяси тұрақсыздыққа байланысты екі ел арасындағы сауда бизинесте Ұйғыр бизнесмен, кәсіпкерлерінің десі басылып, Өңірдегі бизнестің орны үңірейіп өгейсіп тұрғанын айта келіп, «Бірінші, Қытаймен арадағы сауда-бизнес орны сәл босап қаңғырап тұрғанда, оны ел боп жұмылып Қазақтың жаңа бизнесмендерінің монополдауына жағдай жарату керек. Болмаса қытай басқа тактикаға көшеді;

Екіншісі, Қытай Ұйғыр бауырларымыздың орта және шығын бизнестерін қайта жандандырып Қазақстанға астыртын "сауда соғысын" ашса Қазақ бизресмендері бәсекеге өте қабылетті болуы керек. Өңірдегі бизнес алпауыты Қазақтың қолына өтуі тиіс;

Үшіншісі, Қазақ бизнесмендері екі ел арасында басым түссе, қазақтың бизнес тілі Шыңжаңда маңызды тілге айналуы мүмкін. Мысалы, қытайдағы университеттерде "бизнес қазақ тілі" пәндері ашылуы мүмкін (бұрын "бизнес орыс тілі" мамандығы болды). Бұл жағдай Шыңжаң қазақтарының өзін ұлт ретінде сезінуіне үлкен рухани күш болар еді және Шыңжаңдағы қазақтардың орта және шағын бизнесмендері Қазақстанға иек артып миллиярд қытай базарына шығудың жаңа үлгілері мен форматтарын тапқан болар еді. Бұл тіпті, Қазақстанға үлкен мүмкіндік”, - деп екі арасында сауда-бизнесті қазақ бизнесмендері қолға алу керек дегенді айтқан. Әрине, бұл бизнесмендердің қатарын Қытайдан білім алған жастарымыз толықтыра түседі деген ойдамыз.

Осы жерде айта кетерім, қазіргі кезде байқауымша қытаймен арадағы сауда бостығын Қазақстан мен Қырғызстанда тұратын дүңген бауырларымыз иеленіп бара жатқан сияқты. Оған бір себеп, дүңгендердің қытайлармен тілідік жағынан жақындығы болса, екінші жағынан Қытай үкіметі Қытай Елшіліктері арқылы Қытайдың диаспора саясатын жандандырып, бұрынғы қытай аумағында тұрған халықтарды, қазір қай елде жүрсе де ұлтына, нәсіліне қарамастан Қытай мұһажырлары деп танып, оларға түрлі қолдаулар көрсетіп келеді. Оның ішінде біздің елдегі ұйғыр, дүңген бауырларымызды да мұһажырларымыз деп бауырына басқысы келеді. Соның нәтижесінде дүңген бауырларымыз қытаймен болған сауда-саттықта ырықты орынға шығып келе жатқан сияқты. Тіпті, осы ағайындарымызға да арнайы бөлек білім гранттары бар деген сөздер де халық арасында таралуда. Қазақ баласы қайдан білім алып келсе де ертең қазақ мүддесіне жұмыс жасайды. Ал елдегі жүрген өзге бауырларымызға бөтен біреу «мейірімділік» көрсетсе, ертең олардың кімнің мүддесін қорғайтынын кесіп айтуыңыз да қиынға соғары анық. Ертең көрші елмен әріптестік байланыстарда өзміздің қара көздеріміз емес, сол елдің мейіріне бөленген өзге бір азамат жүрсе кімге жанбасарын қалай білерміз?

Ендеше, біз қорыққаннан көрі қорғануға өткенміз жөн. Әр қазақ баласы осы азат елінің ертеңін қорғау үшін қайда білім алса да ең бастысы кез келген елмен тең тұра алатын, бәсекеге қабылетті азамат болып шыққаны абзал. Тал бесіктен бастап ұлттық рухпен уызданса, қай елге барса да сол елдің идеологиясының шырмауына түспесі анық. Ұлттың қауіпсіздігін ойлаған органдар да әр сыртқа шыққан баланың аяқ алысын бақылай жүріп, көрінгеннің жетегіне жібере де қоймас. Сырттан оқыған болсын, ел бастаған азаматтар болсын бәрі де отан алдындағы жауапкершілігін толық сезініп, өз арына жауапты бола алса, тәртіп пен талап, заң өз деңгейінде орындалса ешкімнен де қауптенуімізге негіз жоқ.   Сондықтан кез келген үрейлі жерден қашып, сыртынан жүргенше жақын барып, танып білгеніміз өзіміз үшін керек-ті.

Білекке сенген заманда ешкімге есе бермедік, білімге сенген заманда қапыда қалып жүрмейік деп бабаларымыз айтқандай білім сынға түскен дәуірде жастарымыз жалған намысқа салынып, босқа сөз қуып, түрлі желінің тоқымын қақанша қайдан болса білім мен ілім іздегені бірінші өзіне, екінші еліне жақсы.

Тұрдыбек Құрметхан

Jebeu.kz

 


Болат Зауыт: Қандастармен орта толып жатыр
Кері қайту