Вице-министр Қытайдағы қазақтардың мәселесі бойынша Үрімжіге барады

Уақыты: 2018-04-16 Көрлімі: 119 Сипаттама

Бүгін түске дейін парламент мәжілісінде өткен үкімет сағатында Вице-министр Мұxтар Тіл...

BAB3BA9C-7662-468E-B8A0-14F03DA7C166.png

Бүгін түске дейін парламент мәжілісінде өткен үкімет сағатында Вице-министр Мұxтар Тілеуберді Қытайдағы қазақтар мәселесі бойынша ертең, 17 сәуірде Қытай үкіметімен келіссөзге Үрімжіге баратынын xабарлады.

Үкімет сағатында депутат Бекболат Тілеухан вице-министр Мұхтар Тілеубердіге Қытайда қуғын көріп жатқан қазақтардың мәселесі жайлы сауал қойған. Тілеухан "Қытайдағы қиын жағдайға ұшыраған қандастардың мәселесін Сыртқы істер министрлігі (СІМ) арқылы халықаралық нормаларға сүйеніп шешуге болмай ма?" деп сұрады. 

Бекболат Тілеуxанның сұрағына вице- министр "Олар тұрақты тіркеуден шықпағанына байланысты қамалып отыр. Себебі олар тұрақты тіркеуден шықпағандықтан қосымша әлеуметтік төлемдерді алып отырған. Сол себепті жергілікті билік бұған тыйым салып отыр. Осындай мәселелер туындап отыр. Сондықтан біз жеңілдіктер жасағанда оны жан-жақты қарап, сол елдегі (Қытайды айтады - ред.) талаптарға қайшы келмейтіндей жасауымыз керек. Бұл мәселе бойынша Қытай үкіметімен келіссөз өткізіп жатырмыз. Мен ертең өзім Үрімжіге шығамын. Сол жақтағы қазақ диаспорасының мәселелерін талқылауға барамын" деп жауап берді.

Jebeu.kz


文章评论

    共有条评论来说两句吧...

    用户名:

    验证码:

"Балдәурен" бағдарламасы аясында тегін демалысқа өтініш қабылданады
ҚР Сыртқы Істер министрі Қ. Қ. Әбдірахмановқа хат