ҚР СІМ: Қандастарымыз төңірегіндегі мәселе ҚР Үкіметінің ерекше бақылауында

Уақыты: 2018-07-03 Көрлімі: 436 Сипаттама

Жебеудің хат қоржынына ҚР Сыртқы істер министрлігінен «Жебеу» Республикалық қоғамдық...

photo_5077.jpg

Жебеудің хат қоржынына ҚР Сыртқы істер министрлігінен «Жебеу» Республикалық қоғамдық бірлестігінің атынан жазылған 2018 жылғы 25 мамырдағы №28 хатымызға жауап келіп түсті. Хатта Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша ҚР Сыртқы істер министрлігі ҚХР ШҰАР-дағы этникалық қазақтар төңірегіндегі жағдайға орай қытайлық тараппен  қандастарымыздың мәселелерін талқылау үшін  келіссөздер мен консультацияларды өткізіп, жағдайды егжей-тегжейлі талқылағандары жазылған.

Хат соңында «Атап айтқанда,  Қытай азаматтығы бар этникалық қазақтардың көші-қоны, олардың кіру/шығуы, азаматттықан шығуы/қабылдауы туралы мәселелер талқыланып, екі тарап ҚР-ҚХР достығын назараға ала отырып, заңдардың орындалуын қадағалайтын, туындаған сұрақтарды өзара тікелей ықпалдастық орнату және консультациялар өткізу арқылы шешетін болып келісті.

ҚР Сырты істер министрлігі осы мәселе туралы түсіп жатқан нақты сауалдар бойынша тиісті жұмыс жүргізіп, ҚР мемлекеттік органдармен бірлесе іс-шараларды қолданып жатқанын жеткіземіз.

Қортындылай келе, қазақ қандастарымыз төңірегіндегі мәселе ҚР Үкіметінің ерекше бақылауында және осы бағытта тұрақты түрде атқарылып жатқан шаралардың нәтижесі бойынша Мемлекет басшысына баяндалуда екенін хабарлаймыз», - деп сауалымызға жауап ретінде хабарлаған.

хат1.jpg

хат2.jpgJebeu.kz

文章评论

    共有条评论来说两句吧...

    用户名:

    验证码:

Нұрсұлтан Назарбаев: Домбыра - қазақтың бренді мен паспорты
Дархан Кәлетаев Қоғамдық даму министрі болып тағайындалды