Қос қария Қытай консулдығына хат жазды

admin2 2018-06-22 197 ℃ Қысқаша

16 маусымда Алматы облысы Шелек ауылында тұратын, күйеуі Қытайға барып елге қайта алмай...


1.jpg

16 маусымда Алматы облысы Шелек ауылында тұратын, күйеуі Қытайға барып елге қайта алмай отырған Керімхан Намазханқызы атты азаматша қайтыс болған еді. Жығылғанға жұдырық болған осы бір отбасындағы ауыр жағдай туралы Abai.kz ақпараттық порталында «Қос қария мен қос бүлдіршіннің тағдыры не болмақ?» деген тақырыпта мақала жарық көріп, ҚР Сыртқы істер министрінен көмек сұраған.

Мақалада жазылғандай Керімхан Намазханқызының күйеуі Әли Сылқымбайұлы 2017 жылы отбасын көшіріп әкеліп орналастырып тастағаннан кейін үлкен ұлы Қайнар Әлиұлы екеуі Іле қазақ облысы Моңғолкүре ауылындағы үйін сатып келуге қыркүйек айында Қытайға барып, жергілікті үкімет жағынан құжаттары тартылып алынғандықтан елге келе алмаған. Қазір Әли Сылқымбайдың Шелек ауылындағы үйінде 95 жастағы әкесі мен 87 жастағы анасы және 16 жастағы екінші ұлы мен 12 жастағы қызы асыраушысыз қалған.

11.jpg

 Осы жағдайдан хабар алғаннан кейін 20 маусымда марқом Керімхан Намазханқызының отбасының жағдайымен танысып, туыстарына көңіл айтып, қолдан келген көмегін жасап қайтуға «Жебеу» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Омарәлі Әділбек, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының бас хатшысы Рақым Айыпұлы, бірлестік мүшелері Тұрсынәлі Тілеуше, Тұрдыбек Құрметхан қатарлы азаматтар «Жебеу» қоғамдық бірлестігінің атынан xал  сұрап қайтты.

Қайын сіңілі Гүлзат Есмолда Керімхан Намазханқызы өткен жылдың соңынан бері Қытайдан келе алмай жатқан күйеуі мен баласын елге әкелу мен өздерінің ҚР азаматтығына құжаттар жинау барысындағы қиындықтар мен бітбеген жұмыстардың кесірінен уайым мен құсадан қайтыс болып кеткенін айтады. Гүлзаттың айтуынша әкесі Қытайда болғандықтан ұлы Қайрат пен қызы Бүлдіршінді ҚР азаматтығына өткізе алмай жүргенде Бүлдіршіннің паспортының уақыты бітіп кетіп, Қайраттың паспортының мерзімі бітуге таяғанын, не қызына жаңа паспорт жасата алмаған, не күйеуін елге әкеле алмаған Керімхан марқом Қытай консулына қанша барса да, Алматы мен Шелектің  арасын қанша таптаса да, халықтың арыз шағымын жинап жүрген белсенді азаматтарға да неше  барса да шаруасы бітпей, соңында қайғылы жағдайға тап болыпты.

Осы жағдайларды естіген «Жебеу» қоғамдық бірлестігінің мүшелері Керімхан Намазханқызының қайын атасы Сылқымбай Торғайұлы мен енесі Шәкен Қасенқызына ұлы Әли Сылқымбайұлы мен немересі Қайнар Әлиұлының құжаттарын қайтарып беріп, елге алдыруға Қытайдың Алматыдағы бас консулына хат жазып берді. Алдымен Әлидің отбасына оралуына, онан кейін балалардың Қытай паспорттарын уақытын ұзартып қайта жасатуға, одан ары осы отбасының ҚР азматтығын алуға көмектесетінін айтып, заңдық кеңес беріп, қос қария мен қос бүлдіршінге «Жебеу» Республикалық бірлестігінің атынан 100 мың теңге қаржылай көмегін көрсетті. 95 жастағы Сылқымбай Торғайұлы «Еліміз, іздеуші, сұраушымыз бар екен ғой» деп көзіне жас алып ризашылыған білдіріп, қатысты орындардың ұлы мен немересінің елге оралуына атсалысуын сұрады.

2.jpg

Әли Сылқымбайұлының туыстары берген құжаттар мен әке-шешесі Қытайдың Алматыдағы бас консулына жазған хат пен «Жебеу» Республикалық қоғамдық бірлестігінің елшілік пен консулдықты Әли Сылқымбайдың отбасылық жағдайын ескере отырып, елге қайтаруға атсалысуға шақырған хатын 21 маусымда «Жебеу» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Омарәлі Әділбекұлы Қытайдың Алматыдағы бас консулына табыс етті.

Jebeu.kz

 

 

 


Президент ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫН құру туралы Жарлыққа қол қойды (видео)
Қандастарға қызмет көрсететін «Жедел желі» іске қосылды